You are currently viewing Тәуелсіздік-тірегім !

Тәуелсіздік-тірегім !

  • Post author:
  • Post category:Новости

15-желтоқсан күні тәрбиешілердің ұйымдастыруыменен  «Жансая» ОБОО-да «Тәуелсіздік-тірегім!» атты  тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тақырыпқа сай суреттермен, нақыл сөздермен, мақал-мәтелдермен, түрлі – түсті шарлармен безендіріліп балалардың көңіл-күйлерін көтере түсті. Тәрбие сағатын Исаева Феруза және Пернебекова Гульзат жүргізіп,  балаларға Отанымызды, елімізді құрметтеу, қорғау керек екенін түсіндіріп өтті. Балалар тақырыпқа сай ән мен би билеп, тақпақ айтып, көрініс құрып, өз өнерлерін көрсетті және белсене қатысқандары үшін балалар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Тәрбие сағатының мақсаты: балаларға еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Балалардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдері ояту, елін жерін сүюге,Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін  мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды жілбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі  – осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі-сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.