You are currently viewing 7 Мамыр — Отан қорғаушылар күнімен

7 Мамыр — Отан қорғаушылар күнімен

  • Post author:
  • Post category:Новости

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен!     Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында.    Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны  арта  берсін!

 Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер. Биік шыңдардан көрініңіздер!

Орталығымыз  жігіттерді, ерлер қауымын отан қорғаушылар күнімен  құттықтап, еңбектеріңізге жеміс, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңыз алға баса беруін  тілеп, ел дамуы жолында өз үлестеріңізді қоса беріңіздер — деп марапатталып, концерттік іс-шарамен  жалғасты.