You are currently viewing Ұлы Жеңіс Күні

Ұлы Жеңіс Күні

  • Post author:
  • Post category:Новости

9 мамыр –  Ұлы Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Жеңіс күніне орай  орталық  қызметкерлері  «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында  диктант жазып, тарихқа шолу жасады және Отан үшін отқа түсіп, өскелең ұрпаққа Жеңіс сыйлаған әрбір ардагерге  тағзым етіп, Ерлік ешқашан ұмытылмайды – деп қорытындыланды.