Бүкіл әлемде 1-ші маусым балаларды қорғау күні болып бекітілген. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы бастау алып, қазіргі күнге дейін әлемдік деңгейде жалғасын табуда.
1 – маусым халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын, осы мерекеге орай «Жансая» ОБОО «Балалар біздің болашағымыз» атты іс-шара өткізді. Басшы М.А.Сейтханов және басшының орынбасары М.П.Байжуматова орталықта оңалту емін қабылдап жатқан 144 баланы мерекемен құттықтады және әр баланы сый-сияпаттармен марапаттады.
Балаларымыз аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Елдің ертеңі болар балаларымыздың жолдары ашық болып, ойлаған армандарына жете берсін, біздердің қуанышымыз болсын, Отанымыздың мақтанышы болуларыңызға тілектеспіз.
Мереке күнінде балаларға ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік іс-шарамен және ойын –сауықтармен жалғасты.