Skip to content

29-қазан – Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні

Инсульт – артерияның бітелуіне немесе тамыр қабырғасының жарылуы арқылы қанның ағып кетуіне байланысты миға қан ағымын тоқтату нәтижесінде жүйке жасушаларының зақымдануы немесе өлуі орын алатын жағдай. Бұл ми тінінің бір мезгілде зақымдалуымен және оның функцияларының бұзылуымен бірге ми қан айналымының тез дамып келе жатқан бұзылуы.

Инсульттің алдын алу:
– Артериялық қысымды бақылау
– Холестерин деңгейін бақылау
– Қандағы қант деңгейін бақылау
– Жүрек аритмиясын анықтау
– Дене жаттығуларын жасау
– Дұрыс тамақтану
– Салмақты қадағалау
– Темекі шегуден бас тарту
– Алкогольді тұтынбау
– Өзіңізді ұстай білу
Инсультты қалай тануға болады:
– Адам күлімсірей алмайды, ауыздың бұрышы төмендетілген
– Бір қолы әлсірейді, екі қолын бірдей көтере алмайды
– Өз есімін анық айта алмайды
Дәрігердің науқастың өмірін сақтап қалуға тек 4-4,5 сағат уақыты бар!
Инсульттің алғашқы белгілерінде дереу жедел жәрдем шақырыңыз!

Орталық қызметкерлеріне осы тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлерге инсульт белгілерін дереу тану өте маңызды екені түсіндірілді, өйткені емдеу неғұрлым ерте басталса, адам инсульттан соғұрлым жақсы жазылады. Егерде сіз инсультке күдіктенсеңіз, сіз жедел жәрдем бригадасын шақырып, науқасты дереу ауруханаға жатқызуыңыз керектігі туралы айтылды.

Салауатты өмір салтын ұстанып, алдын алу шараларын қабылдасаңыз, инсульттан аулақ болуға болады.