You are currently viewing 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

«Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке – бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен  орталығымыздың құрметті  аналары мен қыз – келіншектерін басшы Сейтханов Мухитдин Абуович құттықтай отырып, бақыт пен жақсылық, байлық пен сәттілік, көктемгі көңіл – күй мен шат күлкі, жұмыста сәттілік тілеп, орталық қызметкерлері Батыркулова У.Ж, Балабиева Г.Н, Азизова П.С, Балтабаева М.А және т.б. алғыс хатпен марапатталды. 

Сонымен қатар орталықта ем қабылдап жатқан балалар дәрігерлерді, мейіргерлерді, педагогтарды, тәрбиешілерді 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ән-би өнерлерін тарту етті.