You are currently viewing 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі. 1948 жылы құрылғаннан бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып отыр.

Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы, басты байлық екендігін ұғындыру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Спортты насихаттау, халықты дене белсенділігіне жұмылдыру, өз денсаулықтарына ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, белсенді өмір салтын насихаттау.

«Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы 7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында спорттық іс-шара өткізілді