You are currently viewing Табиғат аясындағы ұжымдық демалыс

Табиғат аясындағы ұжымдық демалыс

7-мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңістің 78 жылдығы –  мемлекеттік мейрамдарымыз құтты болсын! «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы мерекеге орай  табиғат аясында ұжымдық демалыс ұйымдастырды, демалыс барысында волейбол, арқан тарту спорттық сайыстары өткізіліп, жеңіске жеткен команда марапатталды, сонымен қатар арнайы концерттік  бағдарламалармен қызықты өткен көңілді күннің бірі болды.

Басшы Бауыржан  Әбдімәлікұлы орталықтың ер-азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар, еңбекте табыс тілейміз – деп құттықтады. Басшының орынбасары  Мариям Пармановна да ер-азаматтарды  отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыстар тілейміз –деп құттықтап,  орталықтың әйелдер қауымын дайындаған сыйлықтарын  тарту етті.  

Нәтижесінде орталық қызметкерлері  барлығы да сергектік пен жақсы көңіл-күйге ие болып, ұжымдағы ұйымшылдық пен тату-тәтті бірлік, ынтымақтастық, жақсы қарым – қатынастар арта түсті.

[ngg src=»galleries» ids=»2″ display=»basic_thumbnail» thumbnail_crop=»0″]