Тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелген емханаларыңыздан емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттар тізімі баланың жасына байланысты, сонымен қатар еріп жүретін адамға арналған жеке тізім бар. Бұл ақпаратты Сіздің учаскелік педиатр, невропатолог немесе тұрғылықты жеріңіздегі емханадағы терапевт ұсынады
I. Медициналық оңалту бөлімі:
1) Кинезотерапия (жеке, топтық жаттығулар, механотерапия – вертикализатор, тренажер, иппотерапия);
2) АФК – адаптивті дене шынықтыру;
3) Физиоемдеу (уқалау, электро- жарық, түзды шахта, жылу және оттегімен);
4) Дэрі – дәрмекпен емдеу (патогенетикалық, симптоматикалық А – типті ботулиндік токсин -Диспорт);
5) Диетотерапия
II. Педагогикалық оңалту бөлімі:
1) Эрготерапевт;
2) Монтессори педагог;
3) Ән – күй сабагы;
4) Логопед – дефектолог;
5) Психолог;
6) Әлеуметтік педагог
7) АВА – терапия
Оңалтуды жүргізу үшін мынадай қарсы көрсетілімдер бар
Баланы емдеуге жатқызуга қарсы көрсетілімдер тізбесі:
* Әр түрлі шыгу тегі жиі қайталанатын немесе ауыр қан кету.
* Гемоглобин деңгейі 80 г/л-ден томен айқын анемия.
* Әр түрлі этиологиядагы жалпыланган, жиі қайталанатын қүрысулар(соңгы 6 айда).
* Жедел жүқпалы аурулар.
* Туберкулездің барлық түрлерінің белсенді кезеңі (А 15.0-1, А 15.5, А15.7-9).
* Қатерлі ісіктер (3-4 кезең).
* Тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі 3 дәрежеден жогары.
* Шыгу тегі белгісіз фебрильді немесе субфебрильді қызба.
* Күрделі ауыр қатар жүретін аурулардың болуы (соның ішінде 3 дәрежелі ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік).
* Декомпенсация сатысындагы аурулар, оның ішінде түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, миксидема, тиреотоксикоз және басқалар).
* Терінің іріңді аурулары, терінің жүқпалы аурулары (қышыма, саңырауқүлақ аурулары және басқалар), трофикалық өзгерістер (қысым жаралары).
* 2 дэрежелі және одан жогары ревматикалық процестің белсенділігі, гормондық терапияның болуы.
* Анкилоз дар және түрақты қайтымсыз контрактур ал ар.
* Түлғаның әлеуметтенуі бар психикалық аурулар (Ғ00; Ғ02; ҒОЗ; Ғ05; Ғ10; Ғ29; Ғ63; 70;79).
* Вегетативті жағдай, апаликалық синдром.
* Оңалту бағдарламасына күніне 2-3 сағат ішінде белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де қатар жүретін аурулар болған кезде.
Ескертпелер:
– вегетативті жағдайдағы пациенттерге паллиативтік көмек қызметтері тағайындалады. Оңалту әлеуеті туындаған жағдайларда пациенттер халықаралық өлшемшарттарға сэйкес медициналық оңалтудың тиісті кезеңдеріне жіберіледі
– өзіне және басқаларға агрессиясы бар эмоциялар мен мінез-құлық бұзылыстары диагнозы қойылған пациенттер психикалық денсаулық орталықтарына жіберіледі
Күтім бойынша адамдарды емдеуге жатқызуға қарсы көрсетілімдер тізбесі:
* 21 аптадан астам жүктілік.
* Жедел аурулар.
* Өршу сатысындағы созылмалы аурулар (қант диабеті, артериялық гипертензия, тиреотоксикоз және басқалар).
* Күтім жасының жасы 60 жастан асқан.
* Психикалық аурулар.
* Терінің іріңді аурулары, терінің жүқпалы аурулары (қышыма, саңырауқұлақ аурулары * және басқалар).
* Жиі ұстамалары бар Эпилепсия.
Егер пациентпен тәулік бойы бірге жүретін адам болса, жұмыс істейтін адамдарға аурухана парағын ұсыну мүмкіндігі бар. Орталықта болған алғашқы күндерде бұл туралы Сіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарлау қажет.