«Жансая» облыстық балалар оңалту орталығында емделуші балаларға екі бағытта ем – шаралар жүргізіледі:
І. Медициналық оңалту бөлімі:
- Кинезотерапия (жеке, топтық жаттығулар, механотерапия – вертикализатор, тренажер, иппотерапия):
– Емдік дене шынықтыру- емдеу және қалпына келтіру, бұлшықет тонусын жақсарту мен арттыру мақсатында орындалатын жеке топтық жаттығулардың жиынтығы.
– Войта терапия әдісі- қимыл-қозғалыс рефлекстерін белсенділеу арқылы белгіленген бастапқы қалыпты сақтау және тітіркену нүктесін қосып, табиғи қимыл-қозғалыс үлгісін қайта қалпына келтіру мақсатында орындалады.
– Бобат терапиясы-бұлшықеттің спастикасымен күресу және балаға тепе-теңдікті сақтауды үйрету мақсатында орындалады. Емді неғұрлым ерте бастаса нәтижелі болады
- АФК – адаптивті дене шынықтыру;
- Уқалау (массаж) – бұлшықет және қан айналым жүйесін нығайту, зат алмасуын арттыру арқылы денсаулықты қалыптастыру.
- Физиоемдеу (уқалау, электро- жарық, тұзды шахта, жылу және оттегімен):
- Электрофорез – дәрілік затты электрлік импульстардың көмегімен тері және шырышты қабаттарға енгізу арқылы емдеу.
- Жылумен емдеу – қан айналымын жақсарту арқылы және аурулардың алдын алуға ықпал ететін емдеу тәсілі.
- УФО – қабыну процесін және ауырсынуды басатын әдіс.
- Дәрі – дәрмекпен емдеу (патогенетикалық, симптоматикалық А – типті ботулиндік токсин –Диспорт);
- Диетотерапия
ІІ. Педагогикалық оңалту бөлімі :
- Эрготераперапия- қимыл қозғалыс қабілеті шектелген балаларды оңалту (шайнау, жұту, киіну, шешіну) өз – өзіне қызмет жасауға дағдыландыру
- Монтессори терапиясы- балаға өз жұмысын басқаруды үйрету ой – өрісін дамыту, балалардың дамуына жаңа мүмкіндіктер беру.
- Музыкалық терапия – бұл арт терапияның бір түрі, онда музыка емдік немесе түзету мақсатында қолданылады, музыкалық терапия психокоррекциялық бағыт болып табылады.
- Логопед – бұл балада сөйлеу қабілеттерінің бұзылыстарын анықтап, жоюды жүзеге асыру.
- Дефектолог- сөйлеу қабілеті мен бірге психикалық дамуы тежелген балаларды емдеу.
- Психолог- баланың зейінін тұрақтандыру және қоршаған ортаға бейімдеу.
- АВА – терапия– «қиын мінез құлық» деп аталатын әдеттен тыс мінез – құлық үлгілері бар балаларды емдеу.