Тұмау дегеніміз не ?
Тұмау – бұл жоғарғы тыныс жолдарына әсер ететін инфекциялық ауру, ауа-тамшы жолымен таралады.
Тұмаудың инфекция көзі – науқас адам. Жөтелу, түшкіру және тыныс алу кезінде науқас адам айналасындағыларға инфекцияны жұқтырады.
Ауадағы жұқпалы бөлшектер біртіндеп айналадағы заттарға түседі. Вируспен ластанған үй заттарының қасынан өткенде, үйге тазалық жүргізгенде, осы заттарды қолданғанда, біз байқамай жұқтырылған бөлшектерді еріксіз сілкіп тастаймыз, олар ауаға қайта көтеріліп, адамның тыныс алу жүйесіне енеді. Вирустың тыныс алу жолына түсуіне жол бермеу үшін қолдарды жиі жуу, қоғамдық орындарда болғаннан кейін және қоғамдық көліктерді пайдаланғаннан кейін мұрын өзегін жуу керек. Бұл бөлшектерді ішке тарту – тұмау вирусының дені сау адамның денесіне кіруіне жол береді.
Тұмаудың инкубациялық кезеңі
Тұмаудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 10 күнге дейін, орта есеппен 2 күнді құрады. Жасырын фазаның ұзақтығы вирустың түріне байланысты. Инкубация кезеңінде тұмау өзін білінбейді. Инкубация кезеңінен кейін аурудың көріністері пайда болады:
1. Температураның жоғарылауы әдетте аурудың бірінші сағаттарында пайда болады. Қатты қызба, температура 40°C-қа дейін, тіпті одан да жоғары болады.
2. Әлсіздік, дене сырқырауы, басталатын аурудың алғашқы белгілері болуы мүмкін.
3. Мұрын бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы – аурудың жиі кездесетін алғашқы белгілері.
4. Бірнеше күннен кейін мұрынның ағуы, жөтел пайда болады. Бірте-бірте жөтел ылғалды болып, қақырық шыға бастайды.
Тұмаудың емі
Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс
Тұмаудың алдын алу
Тұмауға қарсы тиімді әдіс – ВАКЦИНАЦИЯ болып табылады. Өз уақытында вакцинациялану тұмауға бірнеше рет шалдығуды азайтады, аурудың ұзақтығын қысқартады және асқынулардың алдын алады. Вакцинациядан басқа, ағзаның қорғанысын арттыру ұсынылады: дене шынықтырумен айналысу, дұрыс тамақтану, демалу және витаминді-минералды кешендерді пайдалану. Сондай-ақ, тұмауға ұқсас симптомдары бар адамдармен тығыз байланыста болмау, бөлмені жиі желдету, шамадан тыс тоңу және қызып кетуден аулақ болу. Профилактикалық шараларды сақтасаңыз, Сізді тұмау ауруынан және оның жағымсыз әсерінен қорғайтынын, есте сақтаңыз.
Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні
Инсульт – артерияның бітелуіне немесе тамыр қабырғасының жарылуы арқылы қанның ағып кетуіне байланысты миға қан ағымын тоқтату нәтижесінде жүйке жасушаларының зақымдануы немесе өлуі орын алатын жағдай. Бұл ми тінінің бір мезгілде зақымдалуымен және оның функцияларының бұзылуымен бірге ми қан айналымының тез дамып келе жатқан бұзылуы.
Инсульттің алдын алу:
– Артериялық қысымды бақылау
– Холестерин деңгейін бақылау
– Қандағы қант деңгейін бақылау
– Жүрек аритмиясын анықтау
– Дене жаттығуларын жасау
– Дұрыс тамақтану
– Салмақты қадағалау
– Темекі шегуден бас тарту
– Алкогольді тұтынбау
– Өзіңізді ұстай білу
Инсультты қалай тануға болады:
– Адам күлімсірей алмайды, ауыздың бұрышы төмендетілген
– Бір қолы әлсірейді, екі қолын бірдей көтере алмайды
– Өз есімін анық айта алмайды
Дәрігердің науқастың өмірін сақтап қалуға тек 4-4,5 сағат уақыты бар!
Инсульттің алғашқы белгілерінде дереу жедел жәрдем шақырыңыз!
Салауатты өмір салтын ұстанып, алдын алу шараларын қабылдасаңыз, инсульттан аулақ болуға болады.
Қызылша
Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру . Көбінесе балаларда кездеседі . Оның белгілері дене қызуының көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Қызылша – қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады.
Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру уақыт өткен сайын асқына түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін 2 немесе 3 күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің әсерінің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмекке жүгіну керек.
Емдеу жолдары
- Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз. Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз.
- Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз.
- Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол (аспирин) беру қажет.
- Егер құлағы ауырса, антибиотиктер ішкізген жөн.
- Өкпесінің қабынғандығын, менингитті немесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.
- Егер баланың іші өтсе, регидрационды су беріңіз.
Алдын алу жолдары
Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн. Әсіресе, тамаққа жарымаудан болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұрып, шетінемеуі үшін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫСалауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады.
Денсаулық сақтау шаралары
Қимыл белсенділігі
Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.
Организмді шынықтыру
Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Дұрыс толыққанды тамақтану
Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.
Жарақаттың алдын алу
Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану сияқты әр түрлі жарақатты болдырмау. Жарақаттарға әр түрлі жағдайларда душар болады: көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағанда, электр құралдарын дұрыс пайдаланбағанда, улы өсімдіктер мен саңылауқұлақтарды пайдаланғанда т.б. жағдайларда.
Жұқпалы аурулардың алдын алу
Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.
Зиянды әдеттерден алшақ болу
Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.
Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау
Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу – бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.
Экологияның денсаулыққа әсері
Адам организміне қоршаған орта факторларының әсері туралы білім, қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай білу денсаулықты сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі.
Өмір салты және репродуктивті денсаулық
Семіздік, темекі шегу алкогольді тұтыну, кофеині бар газдалған сусындар (бірақ шай, кофе және какао емес) ерлердің репродуктивті денсаулығына теріс әсер етеді. Жүктілік кезіндегі алкогольді тұтыну, темекі шегу және темекі шегу жүктіліктің асқыну қаупін арттырады, оның ішінде өздігінен түсік түсіру және ана мен нәресте үшін ДНҚ-ның зақымдалуына әкеледі.