Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. Ұлттық мерекенің – тарихи маңызы жоғары, Қазақстан мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен оқиғаларды атаймыз.
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Республика күнінің қазіргі өскелең ұрпақ үшін маңызы жоғары.
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.! Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз!
Орталық қызметкерлерін Республика күні мерекесіне орай денсаулық сақтау саласындағы атқарған еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Еліміздің мәртебесі тек жоғарылап, биікке шарықтай беруіне тілектеспін!
Республика күні мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілеймін! Іс-шараның соңы концерттік бағдарламалармен аяқталды.