16 желтоқсан – біздің еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі мереке. Бұл күн – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ең асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Отанымыздың тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Қазақстанымыз өркендей берсін! Қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!