Skip to content

Бюджет

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының 22 сәуір 2019 жылғы №268 бұйрығы бойынша «Облыстық балалар туберкулезге қарсы санаториясы», «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы болып қайта бейімделді.
Орталық 150 төсек-орынға арналған:

1.Неврологиялық – 100 төсек-орын;
2.Ортопедиялық – 25 төсек-орын;
3.Соматикалық – 25 төсек-орын.

Оңалту орталығында жүйке жүйесі органикалық зақымданған, тірек-қимылы бұзылған балалар тәулік бойы стационарлық ем қабылдайды. Емделу мерзімі 18 күн.

Орталықта балалар 6 айдан 18 жасқа дейін кешенді ем қабылдайды. Медициналық оңалту мамандарымен педагогикалық оңалту мамандары тығыз байланыста, МДК құрылған, қажетті мамандар қайта даярлаудан өткен (координатор, эрготерапевт, логопед-дефектолог, монтессори-терапия, психолог).

Оңалту орталығына Түркістан облысы бойынша балалар стационарға жатқызу бюросы «Веб-портал» арқылы қабылданады.

Орталықтың іс-әрекеті кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық реабилитацияға бағытталған.
Бүгінгі күнде орталықта кешенді реабилитация әлемдік стандарттарға сәйкес өткізіледі.
Қимыл-қозғалысында ауыр бұзылыстары бар науқасқа күтім жасауды жақсарту үшін, контрактураның алдын алу, әртүрлі этиологияның спастикасын жою мақсатында орталықта А түріндегі ботулотоксин инъекциясы жүргізіледі.

Орталықта емделуші балаларға екі бағытта ем – шаралар жүргізіледі
І. Медициналық оңалту :
1) Кинезотерапия ( жеке, топтық жаттығулар,механотерапия – Вертикализатор,
тренажер, артромот, иппотерапия );
2) Физиоемдеу ( уқалау, электро- жарық, тұзды шахта, жылу және оттегімен);
3) Дәрі – дәрмекпен емдеу (патогенетикалық, симптоматикалық- А – типті ботулиндік
токсин –Диспорт);
4) Диетотерапия
ІІ. Педагогикалық – әлеуметтік оңалту :
1) Эрготерапевт;
2) Монтессори педагог;
3) Ән – күй сабағы;
4) Логопед – дефектолог;
5) Психолог;
6) Әлеуметтік педагог;
Мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуде емдік дене шынықтыру кешенді оңалтудың басты құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.