1.1. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының 22 сәуір 2019 жылғы №268 бұйрығы бойынша «Облыстық балалар туберкулезге қарсы санаториясы», «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы болып қайта бейімделді.

Орталық 160 төсек-орынға арналған:

1.Неврологиялық – 110 төсек-орын;

2.Ортопедиялық – 25 төсек-орын;

3.Соматикалық – 25 төсек-орын.

Оңалту орталығында жүйке жүйесі органикалық зақымданған, тірек-қимылы бұзылған  балалар  тәулік бойы стационарлық ем қабылдайды. Емделу мерзімі 18 күн.

Орталықта балалар кешенді ем қабылдайды. Медициналық оңалту мамандарымен педагогикалық оңалту мамандары тығыз байланыста, МДК құрылған, қажетті мамандар қайта даярлаудан өткен (координатор,  эрготерапевт, логопед-дефектолог, монтессори-терапия, психолог).

Оңалту орталығына Түркістан облысы бойынша балалар стационарға жатқызу бюросы «Веб-портал» арқылы қабылданады.

Орталықтың іс-әрекеті кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық  реабилитацияға бағытталған.

Бүгінгі күнде орталықта кешенді реабилитация әлемдік стандарттарға сәйкес өткізіледі.

Қимыл-қозғалысында ауыр бұзылыстары бар науқасқа күтім жасауды жақсарту үшін, контрактураның алдын алу, әртүрлі этиологияның спастикасын жою мақсатында орталықта А түріндегі ботулотоксин инъекциясы жүргізіледі.

 

Орталықта емделуші балаларға екі бағытта ем – шаралар жүргізіледі

І.   Медициналық  оңалту :

1) Кинезотерапия ( жеке, топтық жаттығулар,механотерапия – Вертикализатор, 

            тренажер, артромот, иппотерапия );

2) Физиоемдеу ( уқалау, электро- жарық, тұзды шахта, жылу және  оттегімен);

3) Дәрі – дәрмекпен емдеу (патогенетикалық, симптоматикалық- А – типті ботулиндік

            токсин –Диспорт);

4) Диетотерапия

ІІ.  Педагогикалық – әлеуметтік оңалту :

1) Эрготерапевт;                                                

2) Монтессори педагог;

3) Ән – күй сабағы;

4) Логопед – дефектолог;

5) Психолог;

6) Әлеуметтік педагог;

Мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуде емдік дене шынықтыру кешенді оңалтудың басты құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.

ЕДШ нұсқаушылары жеке және топтық сабақтарды жүргізеді. Жеке сабақта балаларға Бобат және Войта әдістері қолданылады. Арнайы құрал-жабдықтар белсенді пайдаланылады:

Әрбір ауысым сайын спорттық жарыстарға тән спорттық олимпиадалар және спартакиадалар өткізіледі. Іс-шараға барлығы қатысады. Мұндай шығармашылық көзқарас емделушілерге бұрын шамасы келмеген қимыл-қозғалыстарды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар орталықта иппотерапия қолданылады. Иппотерапия  емдік дене шынықтырудың ерекше формасы болып табылады,бірақ ЕДШ басқа формаларына қарағанда айырмашылығы бала атпен өзара әрекеттесіп,емдеу үрдісіне бірге қатысады. Емдік-атпен жүруге қызығушылығы артады. Аттың температурасы адамның денесінің температурасынан 1,5 градусқа жоғары. Жүріп бара жатқан аттың арқасының бұлшықет қозғалысы науқастың аяғының бұлшықетін уқалайды және қанайналымын күшейтіп,қыздырады. Нәтижесінде миды қанмен қаматамасыз етуін жақсартып, емделуші балада барлық бұлшықет тонусы іске қосылады.

Физиоемдеу бөлмесінде — электрлік ем-шарасы жүргізіледі: дәрілік электрофарез, электроұйқы, магнитотерапия.

Жылумен емдеу: парафин-озокеритпен емдеу.

Уқалау ағзаның бұлшықет жүйесіне жағымды ықпал етеді.

Сонымен қатар біздің орталықта балалар заманауи құралдармен жабдықталған тіс дәрігері маманының кәсіби көмегіне жүгіне алады.

Кешенді оңалту жүйесінде педагогикалық түзету жұмыстарының алатын орны ерекше.Педагогикалық оңалту бөлімінде логопед-дефектолог, психолог,әлеуметтік педагог,музыкатерапевт,монтессори-терапевт, эрготерапевт және тәрбиешілер түзету-дамыту іс-шараларын балаларға жүргізеді.  

Психолог емдеу барысында жеке және топтық сабақтар жүргізеді.  Жеке сабақта баланың  есте  сақтау қабілетінің артуына, ақыл-ойының дамуына,сөйлеу қабілетінің жақсаруына, бала ойының рефлексивті қызметінің жетілуіне және еріктік белсенділігінің артуына көмектеседі.

Эрготерапевт«Бартелла» шкаласы бойынша өз-өзіне қызмет ету дағдысын бағалайды және балалардың тұрмысқа бейімделуі мен өз-өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыру бойынша жеке сабақ жүргізеді.

Музыкатерапевт адамның психологиялық кейпінің барлығына жағымды ықпал етеді. Балалардың көңіл-күйін,ақыл-ой қабілетін  арттыратын  құралдың бірі болып табылады.

Барлық түзету жұмыстары балалардың шығармашылық қабілеттерін көрсете алатындай етіп, арнайы ұйымдастырылып жасалынған. Орталықта «ашық сабақтар», мерекелік концерттер, сайыстар өткізіледі