Skip to content

«Алтын шипагер-2022» ұлттық медициналық жүлдесі

Елордада  Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлері мерекесінің қарсаңында «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтті. Саммит аясында еліміздегі медициналық ұйымдар арасындағы «AlTYN SHIPAGER-» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталып, үздік медициналық ұйымдар марапатталды

Саммит барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салтанатты жиналыста сөз сөйлеп, денсаулық сақтауды қорғау – әлеуметтік даму саласындағы саясаттың басым бағыты, ал медицина қызметкерлерінің  жоғары кәсібилігі Денсаулық сақтау жүйесін нығайту мен дамытудың кепілі болып  табылатынын  атап өтті.

Үздік балаларды оңалту орталығы бойынша Түркістан облысының «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы республикалық медициналық ұйымдар арасында  үздік үштіктер қатарынан көрініп, ІІ-орынды иеленді.