Skip to content

Ашық есік күні

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

ҚР Президентінің Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай,    «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы 2023 жылдың ақпан айының 28-жұлдызында  сағат 10:00-14:00 аралығында  «Пациент алғысы» тақырыбы бойынша ашық есік күнін өткізді.

Бұл күні орталыққа 25 бала келді, іс – шара аясында балалар неврологы, балалар дәрігері, логопед-дефектолог мамандарының тексеруінен өтіп, қажетті кеңестерін алды.  Іс-шара соңында ата-аналар алғыстарын айтты.

«Ашық есік күнін» өткізудегі мақсат  – әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жақсылық жасап жарысып, алғыс айта білуге шақыру.