Skip to content

Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер баршаңызды кәсіби мерекеміз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен мейірімді ақ халатты абзал жандарды мерекемен құттықтау мақсатында салтанатты шара өтті. Қала әкімі Рашид Аюпов денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ерен еңбектеріне алғыс білдірді.

«Amanat» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Одамановтың атынан алғыс хаттар табысталды.

Адамзаттың бірінші байлығы – денсаулығын шеберлікпен қорғайтын медицина қызметкерлерін айтулы мерекелеріңізбен құттықтаймыз, адам жанының арашасы мейірімді ақ халатты абзал жандарға мол бақыт, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат және де зор денсаулық тілейміз!