Дүниежүзілік медбикелер кеңесінің ұйғарымымен 1971 жылы бастау алған, содан бері Медбикелер күні деп аталып келе жатқан осы күнді ресми мереке ретінде атап өту дәстүрге айналды. Медбике ісінің негізін салушы Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай 12 мамырда атап өтіледі. Халық денсаулығын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, медициналық алғашқы жәрдемді жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау, тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу, басқа да мейірбикелердің қызметтік міндеттері олардың денсаулық сақтау саласындағы орнын көрсететіндігінің тағы бір дәлелі.
Орталықтың мейірбикелеріне алғыс айтылып, ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер, Мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз! Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш — жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер құттықтап, алғыс хатпен марапатталды.