Отбасы — адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Отбасы — сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы — әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.
15-мамыр — халықаралық отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, орталық қызметкерлері арасында «Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек — бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз – деп қорытындыланды. Отбасы тақырыбында ситуациялық сұрақтар қойылып, қызықты логикалық сұрақтарға көтеріңкі көңіл-күймен жауап берілді және дөңгелек үстел соңында әр қызметкер бір-біріне әдемі тілектерін айтып, жұмыс күндеріне сәттілік тіледі.