Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
ҚР Президентінің Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес
1 наурыз — Алғыс айту күніне орай, «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы 2023 жылдың ақпан айының 28-жұлдызында сағат 10:00-14:00 аралығында «Пациент алғысы» тақырыбы бойынша ашық есік күнін өткізді.
Бұл күні орталыққа 25 бала келді, іс – шара аясында балалар неврологы, балалар дәрігері, логопед-дефектолог мамандарының тексеруінен өтіп, қажетті кеңестерін алды. Іс-шара соңында ата-аналар алғыстарын айтты.
«Ашық есік күнін» өткізудегі мақсат – әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жақсылық жасап жарысып, алғыс айта білуге шақыру.