Skip to content

Туберкулезге жоқ де!

Туберкулез қоздырғышы – туберкулез таяқшасы, Кох таяқшасын – белгілі неміс ғалымы  Роберт Кох 1882 жылғы 24 наурызда ашқан. 1982 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Халықаралық туберкулезбен және өкпе ауруларымен күрес одағы 24 наурызды ресми түрде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні деп атауды ұсынды.

Жұқпаның негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам, себебі оның қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді.

Туберкулез бактериялары сыртқы ортаға өте төзімділігімен ерекшеленеді. Көше шаңдарында бактериялар өмір сүру қабілетін 10 күнге дейін сақтайды, ал кітап беттерінде өмір сүру қабілетін 3 айға дейін, науқастың киімі мен төсек жаймасында 3 – 4 айға дейін, суда 5 айға дейін сақтаса, қарда – шексіз.

Туберкулез жұқтыру барысында аурудың дамуы мен ауыр ағымына ықпал ететін факторлар көп. Бұл – әлеуметтік тұрмыстың нашарлығы, дұрыс тамақтанбау, психологиялық күйзелістер, ілеспе аурулар (қант диабеті, жарақаттар, созылмалы өкпе аурулары, АИТВ/ЖИТС), зиянды әдеттер.

Туберкулез – жұқпалы ауру, әлемдегі өлім-жітімнің ең көп таралған себептерінің ондығына кіретін аурушандылықтың жетекші себептерінің бірі, бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталады. Қызметкерлерге туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы хабардар ету.

АМАН БОЛЫҢЫЗДАР!