Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының 02.09.2024 жылғы №282 н/қ бұйрығы бойынша «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығындағы төсек орындар 160 болып қайта бейімделді.
Жалпы 160 төсек-орын, оның ішінде:
- Неврологиялық бейін бойынша -130 төсек орын;
- Ортопедиялық бейін бойынша – 25 төсек орын;
- Соматикалық бейін бойынша – 5 төсек орын.
Орталықта балалар тәулік бойы кешенді ем қабылдайды.
Емделу мерзімі 18 күн.
Орталықта балалар кешенді ем қабылдайды. Медициналық оңалту мамандарымен, педагогикалық оңалту мамандары тығыз байланыста, МДТ құрылған, қажетті мамандар қайта даярлаудан өткен (координатор, бейінді мамандар, эрготерапевт, логопед-дефектолог, монтессори-терапия, психолог, физиотерапевт, ЕДШ нұсқаушы, диет мейіргері).
Оңалту орталығына Түркістан облысы бойынша балалар стационарға жатқызу бюросы «Бюро госпитализация» арқылы қабылданады.
Орталықтың іс-әрекеті кешенді медициналық – педагогикалық реабилитацияға бағытталған.
Бүгінгі күнде орталықта кешенді реабилитация әлемдік стандарттарға сәйкес өткізіледі.
Орталықтың оңалтудағы мақсаттары: науқастың зақымданған ағзаларының қызметін мүмкіндігінше қалпына келтіру, асқынулардың алдын алу және науқасты қоршаған ортаға, қоғамға бейімдеу болып табылады.
БІЗДІҢ НӘТИЖЕЛЕР
Ем алғандар
Неврология
Ортопедия
Соматика
12.09.2019 – 30.09.2024 жж
ТЕГІН КЕҢЕС АЛУҒА СҰРАНЫС ҚАЛДЫРЫҢЫЗ
Сізге жақын арада хабарласамыз