Бүгін, 23 сәуір — Түркия мемлекетінде аталып өтетін Балаларды қорғау күніне орай, ХҚТУ студенттері орталығымыздың бүлдіршіндеріне ерекше көңіл-күй сыйлады 🤍
Студенттер кішкентай достарымызға арнап әсерлі концерттік бағдарлама ұйымдастырып, ән айтып, би билеп, қызықты ойындар өткізді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық — бұл күннің ең үлкен сыйы болды ✨
Сонымен қатар, орталығымызға түрлі сыйлықтар табыстап,балалардың көңілін көтеріп, жүректеріне жылулық сыйлады. Осындай игі шаралар балаларға тек қуаныш қана емес, мейірім мен қамқорлықты сезінуге үлкен мүмкіндік береді 💫
Орталығымыздың атынан ХҚТУ студенттеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздердің ізгі ниеттеріңіз бен жанашырлықтарыңыз әрдайым арта берсін.
Балалардың күлкісі ешқашан үзілмесін, ал мейірімді жандардың қатары көбейе берсін! 🌸


