Skip to content

Жаңа 2025  жыл құтты болсын!

Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Біздің орталық осы мерекеде балаларға көтеріңкі көңіл-күймен, ерекше есте қаларлық кеш жасау мақсатында Аяз ата мен ақшақар  және түрлі кейіпкерлермен бірге, ем алушы балаларды тосын сый жасап палаталарына құттықтап шықты және артынша мерекелік іс-шара өтті.

Орталықтың  басшысы Жұрұмбаева Жанар Айдарқызы балалардың жарқын күлкісінен айырылмауын, дендері сау болып, бал дәурен балалықтың бақытына тоймай жүре беруін тіледі. Балдырғандар аналарына шуақ, әкелеріне қуат болсын! – деп құттықтады.

Жаңа 2025 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт – береке әкелсін!  Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!