Skip to content

«Жансая» оңалту орталығында балаларға интеллектуалды ойын өткізілді

«Жансая» облыстық балалар оңалту орталығының тәрбиеші қызметкерлері Нургельдиева Дана және Жолдасова Дана ұйымдастыруымен 18-ақпан күні орталықта емделіп жатқан балаларға «Дұрыс-бұрыс» атты интеллектуалды ойынын өткізді. Өткізу мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, тез ойлай отырып, жылдам жауап беруге үйрету және балалардың көңіл-күйін көтеру болып табылады.

Балаларды екі топқа бөле отырып, топтың атауы қойылды және ойын ережелері балаларға түсіндірілді.

Өткізілуі:

1.Суреттерді көрсете отырып сол суреттер бойынша мақал мәтелдер құрастырды.

2.Жылдың төрт мезгілін табу арқылы сөйлемдер құрастыру, және қай команда көп құрайтынын бақыланды.

3.Қол күрес.

Қорытындылай келе, өткізілген ойын түрлері бойынша белсенді қатысқан балалар Жандос, Бану, Еркебұлан, Жанат,Сарвиназ, Ақжайық мақтау қағаздарымен марапатталды. Балалардың ойынға деген қызығушылықтары артып, көңіл күйлері көтерілді.